«ЖаҺандануды тек жақсылық қана әкеледі деп адасуға болмайды, бірақ дегенмен, бұл одан мүлдем теріс айналып, қарсы алдынан есікті тарс жабуды меңземейді»,- деді Елбасы. Н.Назарбаевтың айтуынша, «жаҺандану пайдамен бірге оған есігін айқара ашқан елдерге кейбір қиындықтар да әкеледі». «Бұрынғы КСРО аясындағы интеграциялық процестер күшейген сайын, одақтық республикаларға бүкіләлемдік жаһандану құбылысының залал-зардабы жеңіл тиеді».
«Еуропадағы интеграциялық құбылыстардың тәжірибесі көрсеткендей, әлеуеті жағынан Қазақстаннан кем түсетін шағын елдер Еуропалық Одаққа мүшелікке өту арқылы жаһандану құбылысына жеңілірек бейімделе бастады»,- деді Н.Назарбаев.
Қазақстан мемлекет басшысының пікірінше, «Біртұтас экономикалық кеңістік құру Қазақстан мен бұрынғы кеңестік республикаларға жаһанданудың залал-зардабын жеңілдетуге мүмкіндік береді».
«230 млн халық шоғырланған бұрынғы Кеңестік республикалардың адами әлеуеті мен олардың экономикалық мүмкіндіктері, тіпті Еуропалық Одақтың өзі санасуға құлық танытатын қуатты одақ құруға мүмкіндік береді»,- деді Н.Назарбаев.