«Экспресс АМ11» сателлиті — «Ғарыштық байланыс» Федералдық Мемлекеттік Ұшулар басқармасының тапсырысы бойынша М.Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік бірлестігі жасап жатқан бес геостационарлық байланыс жер серігінің екіншісі болмақ. Осы үлгідегі алғашқы жер серігін «Протон» 2003-жылдың 29-желтоқсанында жер орбитасына шығарған.
«Экспресс АМ11» ғарыштық аппаратын «Протон» зымыран тасығышы 27-сәуірде алып ұшады деп күтілуде.