Қазіргі жағдаймен, «Союз ТМА-4» ғарыш кемесінің жүйелері мен аспаптарын тексеру мақсатында іске қосу жұмыстары қолға алынды. Ғарыш кемесі №1 алаңнан «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен халықаралық ғарыш станциясына 19-сәуірде жол тартады деп жоспарланған.
Қазір Халықаралық Ғарыш станциясына аттанатын тоғызыншы экспедицияның негізгі және қосымша экипажы Жұлдызды қалашықтағы дайындық жұмыстарын аяқтауға жақын. Келесі аптада олар Байқоңырға ұшып келеді деп күтілуде.