Павлодардағы металлургиялық зауытта табылған қару-жарақтың ішінен жарылғыш заттар шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы металлургиялық зауытта табылған қару-жарақтың ішінен жарылғыш заттар шықты

Павлодардағы металлургиялық зауытта табылған қару-жарақтың ішінен жарылғыш заттар шықты

Павлодардағы металлургиялық зауытта табылған қару-жарақтың ішінен жарылғыш заттар шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне құқық қорғау мекемелеріндегі сенімді ақпарат көзі хабарлады. Жарылғыш заттар құрамын анықтау үшін арнайы сараптамаға жіберілді.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, балқытуға жіберілетін қара металл қалдықтарының ішінен оқ-дәрі партиясы шыққан. Металл қалдықтары Павлодардағы «Кастинг» зауытына Оңтүстік Қазақстан облысынан теміржолмен жеткізілген көрінеді. Вагондардан барлығы 29 тонна снаряд шықты. 3-сәуір, сенбіде ҰҚКД-нің қызметкерлері әскери комиссариат және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өкілдерімен бірлесе отырып, оқ-дәрілерді тексеріп шықты. Қазір снарядтарды түрлерге бөлу жұмыстары жүргізілуде. Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, оқ-дәрілердің арасынан кумулятивті снарядтар да табылды.

Осыған орай жуырда Павлодарға Семейдегі инженерлік-саперлік батальонның сапарлер тобы келіп жетті. Сараптама қорытындысы шығарылғаннан кейін снарядтарды ұқсату мәселесі шешіледі. Олар таяу жердегі әскери полигонға жеткізіліп, сол жерде көзі құртылуы мүмкін.