Жуырда «Батыс» аймақтық басқармасында «Ақтау» жүрдек кемесіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің теңіздегі бөлімшелерінің жауынгерлік жалауы мен атауы жазылған белгіні табыс ету рәсімі өтті. Салтанатты шарадан кейін «Ақтау » кемесі мемлекеттік шекараны қорғау үшін Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларына шықты.
Шекара күзетімен айналысатын «Ақтау » кемесі былтыр Орал кеме жасау зауытында құрастырылған. Қазіргі жағдаймен, кеме барлық сатылы сынақтардан өтіп, кезекшілікке кірісті. Мамандардың бағалауынша, жаңа кеме қуаты 5 баллға тең теңіз дауылына да төтеп бере алады.
Баспасөз орталығынан хабарлағанындай, «Ақтау» кемесі арнайы «Путина» операциясын жүзеге асыруда пайдаланылады.