"Тарих қайта жазылады!": Әулие аралауға көшкен Жанат Бақыт сіңілісі Әмір Темірдің шөбересі екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тарих қайта жазылады!": Әулие аралауға көшкен Жанат Бақыт сіңілісі Әмір Темірдің шөбересі екенін айтты

"Тарих қайта жазылады!": Әулие аралауға көшкен Жанат Бақыт сіңілісі Әмір Темірдің шөбересі екенін айтты

"Алланы ауызға алмауға" шақырып елді шулатып жүрген Жанат Бақыт бұл жолы тарихи тұлғалардың зиратын аралап сапарға шықты. 

  • 12 Сәуiр 2023
  • 827
Фото - Caravan.kz

Ол Әмір Темірмен, Арыстан баб Қожа Ахмет Яссауимен тілдесіп, не естігендігі туралы жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Жанат Бақыттың инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

"Тарих қайта жазылады!" деген Жанат Бақыт саяхатын әрімен қарай жалғастыратын сыңайлы. Оның айтуынша тарих, түрлі еңбектер қате жазылған. ""Мына сөздердің авторы мен емес" деп Ахмет Яссауи ренжулі" деген ол.

Регресалогия атты әлде бір бағыттты ұстанып жүрген танымал журналист енді сіңілісін Зарина Бақытты бұрынғы ғұмырында атақты Ұлықбектің қызы Рәбия болғаны туралы жазды. 

Сондай-ақ, Жанат Бақыт "Білемін, туғанымыз да бізді түсінбей жүр. Елдің сөзіне күйзеледі. "Адасушы" дейді. Алайда санаулы уақытта бізді түсініп, алғыс айтатынына сенімдіміз", — деген.

Оның айтуынша, қасына ертіп алған жол серігі, сіңілісі Зарина Бақыт бұрынғы ғұмырында Әмір Темірдің шөбересі, Ұлықбектің қызы Рәбия болған.

Зарина Бақыт өз парақшасында Ұлықбектің ескерткішінің қасында тұрып "Әкем" деп сурет жүктеген.