В.Храпунов осы орайда Алматы әкімшілігінің былтырдан бері осы бағытта АҚШ-тың ІСС компаниясымен жұмыс істеп жатқанын еске сала кетті. Қазіргі жағдаймен бұл компания Алматы әкімшілігіне концессия туралы келісім-шартының жобасын дайындап таныстырған.
10-сәуірде компания басшылығынан құралған өкілдер Алматыға келеді деп күтілуде. Келісім-шартына қол қоюға байланысты барлық құқықтық мәселелер бір аптада дәйектелемекші. Бұдан әрі біз жобаны жылдың екінші жартысынан жүзеге асыра бастау үшін шартқа отырудан үмітіміз бар,- деді В.Храпунов.
Жоба құны 1 млрд. долларға бағаланған. Бастапқы кезеңде метроның 8,4 шақырымдық бірінші желісі мен бір рельсті шойын жолдың 47 шақырымы тартылады.