А.Есентүгелов : «елімізде қазіргі салық ставкалары қайта қаралайын деп жатуына байланысты біз алдағы бес жылда ел экономикасына түсетін салық жүктемелерін азайтуды ұсынамыз»,- деп мәлімдеді.
Атап айтсақ, Қазақстан экономистерінің қауымдастығы корпоративтік салық ставкасын 22-24 процентке дейін, жеке тұлғалардан алынатын кіріс салығын 15-17 процентке дейін, әлеуметтік салықты 15-16 процентке дейін, Қосалқы құн салығын 14 процентке дейін азайтуды ұсынады. «Бұл шараны бюджет шығындарының орнын шикізат саласынан түсетін түсімдерді арттыру есебінен өтеп беру мүмкіндігіне сәйкес жүзеге асыру керек»,- деді А.Есентүгелов.
» 2005-жылдан бастап шикізат шығарушы компаниялардың пайдасынан Ұлттық қорға төлемдер аудару жұмысы доғарылуына байланысты» жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін салық түсімдері артады деп күтуге болады,- деді ол.
«Менің білуімше, ҚР Ұлттық қорындағы қаржы көлемі 4 млрд. долларлық межеден биыл асады. Соған сәйкес қор қаржысын ұлғайтуға бағытталған шығындарды бұдан былай бюджетке бағыттау арқылы еліміздегі салық ставкаларын төмендетуге болады»,- деді А.Есентүгелов.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр