Түркістанда жарапазан айтуға шыққан баланы көлік қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда жарапазан айтуға шыққан баланы көлік қағып кетті

Түркістанда жарапазан айтуға шыққан баланы көлік қағып кетті

Түркістанда түн жарымда көшедегі көліктердің арасын жаяу кезіп жарапазан айтатын балалар көбейіп кетті. 

  • 17 Сәуiр 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Тіпті, арасында өз аумағынан алысқа кетіп қалып, үйін таба алмай адасып қалғандары да бар. Солардың бірінің суреті өткен аптада ватсап чаттарды кезіп жүрсе, бүгін тағы бірі шықты. Қайта өткен жолы үйін таппай қалған бала ата-анасымен қауышқан, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол туралы чаттың бір мүшесі былай деп хабарлады: «Шүкір, ата-анасы табылды.

Элбек деген бала, менің баламның сыныптасы», – деді.

Енді бүгін тағы бір осындай үйінен адасып қалған баланың суреті жарияланды.

«ТҚБА қабылдау бөлімінде отыр. Машина қағып кетіпті, ата анасын таппай жатыр, мына баланы кім таниды?» – деді суретін жіберген бір ата-ана. Сөйтіп еді, іле-шала бірі: «Үлкен бала секілді ғой, үйін, көшесін білетін шығар?» – деді. Оған әлгі адам: «Қорқып айтпай отыр. Себебі, өзі күн батқан кезде көліктер арасын кезіп, жарапазан айтып жүрген. Сол кезде көп көліктің бірі байқаусызда қағып кетсе керек. Қайта, дін аман. Қазір Түркістан қалалық емханасында отыр», – деді.

Қала тұрғындарының айтуынша, Рамазан айы басталғалы бері балмұздақ сататын дүңгіршектер маңайында кешқұрым ауызашардан бастап жарапазан айтатын балаларға толып кететін көрінеді. Түнгі 23.00-24.00 болғанына қарамастан осылай көше кезіп жүретіндердің арасында, тіпті, тұлымшағы желбіреген қыздар да кездесетін көрінеді,.


«Масқара, бағдаршамға тоқтар-тоқтамастан машинаның есігіне жармасады ғой жарапазан айтуға таласып», – дейді түрғындардың бірі.

Көпшілік балаларын алаңсыз көшеге жіберіп қойып, іздемей отыра беретін ата-аналарына таңданыс білдірді.

«Балаларым көзден сәл таса болса, жүрегім ұшып, дереу іздеп шығам. Біреу бір жаққа сүйретіп әкетсе не болады? Онсызда соңғы кездері балалар жиі жоғалып жүр», – деді ата-аналардың бірі.