"Еркек ләззат алған кезде беріп қойған уәдесін орындамауға ұялады": Сексолог кеңестерімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еркек ләззат алған кезде беріп қойған уәдесін орындамауға ұялады": Сексолог кеңестерімен бөлісті

"Еркек ләззат алған кезде беріп қойған уәдесін орындамауға ұялады": Сексолог кеңестерімен бөлісті

Қазір әлеуметтік желіде жыныстық қарым-қатынасқа қатысты білгенімен бөлісіп жүрген, "өзін осы саланың маманымын" деп есептейтіндер көбейіп кетті. Осыған қатысты сексолог Жаннұр Уәлиханқызы "Дұрыс ақпарат болмаса сыныққа сылтау іздеген, гармондары ұшып тұрған жасөспірімдер шалыс басуы мүмкін" деп дабыл қақты. 

  • 18 Сәуiр 2023
  • 13216
Фото - Caravan.kz

Және жыныстық қарым-қатынастың отбасылық өмірде маңыздылығына тоқталып, кеңестерімен бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы тілшісі. 

— Жыныстық сауаттылықты қай жастан бастап ашу керек?

Алдымен "Сексология деген не?" деген сауалға жауап берейінші. Секс — жыныс, Логия — зерттеу. Бала 2-3 жасқа келгенде-ақ "Мен кіммін?" деген сауал пайда болады. Ұлдар "әкуін" ұстап отырғанда аналары қорқады. "Ұстама! Ұят болады" деп тек қана тыйып тастап отырады. Ата-ана баласының өзінің кім екенін тануға тырысып жатқанын түсіну керек. Жалпылама "4 балам бар" деп айтып жүреді. Бәрі осыдан басталады. Ұлға ұл, қызға қыз екенін сезіндіру керек. Психологтар балалармен 7 жастан бастап жұмыс істейді. 7-ге келген соң тұлға деп қарауыңызға болады. Осы кезден бастап жыныстық қарым-қатынас болмаса да, жынысын тануға қатысты ақпараттар айтылу керек. Жыныстық сауаттылығы барларға қарағанда жыныстық сауаттылығы төмен балалар ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсіп қояды. 

Бізде көп әйелдер белден төменгі жағын қабылдамайды. Тіпті атын атауға да ұялады. "Ана жерім" деп сөйлейді. Өзіне тиесілі атымен атау керек. Маған кеңеске келгендерге "атын атай алмайтындай қайын атаңыз, қайын енеңіз туралы айтып отырсыз ба?" деймін. 

— Әлеуметтік желіде үш адамдық жыныстық қарым-қатынас туралы ақпарат таратып жүрген әріптестеріңіз бар. Сіздіңше бұл қаншалық дұрыс?

Дұрыс ақпарат болмаса сыныққа сылтау іздеген, гармондары ұшып тұрған жасөспірімдер шалыс басуы мүмкін. Үш адам болып жыныстық қарым-қатынасқа түсу деген психикалық ауытқушылық. Қазір психолог болу тренд болып кетті. Сексологияда да солай сияқты. Хайп үшін анмен-мұннан ақпарат қарап негізі білімі болмаса да шыға береді.

— Жыныстық қарым-қатынастың рөлі соншалық маңызды ма?

 Байқасаңыз бизнесмендер көңілдестерін жатырына қарап таңдайды. "Ұры ұрыны алыстан таниды" демекші өздері сезеді. "Мынаның жатырының сексуалдық энергиясы тасып тұр" деп ұсыныс жасайды. "Сіз менің көңілдесім боласыз ба? Бүкіл қалағаныңызды жасаймын. Материалдық жағынан тәуелсіз етемін" дейді. "Сіз менің көңілдесім болсаңыз бизнесім жүріп кетеді" деген ой болады. Негізі барлық әйелдерде сексуалдық энергия бар. Тек оны бәрі қолдана алмайды. Төсекте еркін болу — үлкен ләззат. Өзі ләззат алу арқылы жұбына да ләззат сыйлай алады.

Қынап — патшалықтың қақпасы. Бір әйел айтады: "Құрбымнан естіп қарым-қатынасқа түсердің алдында шуба сұрап едім. Бірақ алып берген жоқ. Құрбым қалай жасайды?" дейді. Қазақта "еркектің бір басы тұрса, екінші басы істемей қалады" деген сөз бар. Еркек ләззат алған кезде беріп қойған уәдесін орындамауға ұялады. Шәй ішіп отырып берген уәдесін ұмыта салу оңай. Ал қарым-қатынаста ләззат алып тұрып оның айтқанын жасамау ол ер адамдар үшін дұрыс емес болып есептеледі. Бұны қолдана алатын да әйел бар. Қолдана алмайтыны да бар. 

Төсекте ләззат болмай қанша жерден күйеуіңіздің киімін үтіктеп, табанын жалап отырсаңыз да одан керемет отбасы шықпайды. Тұрмыстағы ләззат ала алмай жүрген әйелдерге де, күйеулеріне де жаным ашиды. Бұрынғы апаларымыз "Ошақтың басында тұрсаң да күйеуің шақырғанда қазаныңды тастап бар" деп бекер айтпаған.