Қостанай облысының полиция департаменті 16 сәуір күні Боровской мектеп-интернатынан кетіп қалған 15 жасар Рустам Ташмағамбетовке іздеу салды. Оның не себептен интернаттан кеткені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Кәмелет жасына толмаған бала — Әулиекөл ауданының тумасы екені анықталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Оқушысы іздестіру жұмыстарына полицияның бүкіл құрамы жұмылдырылған әрі еріктілер қосылған.
Полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді көрген-білгендер болса, 102 телефоны арқылы хабарлауын өтінеді.