Елбасының пайымдауынша, «ондай болмаған жағдайда еліміздегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды құрдымға жіберу қаупі бар». Сол себепті президенттің пікірінше, «әкімшілік реформа — алдағы өзгерістер мен жаңартулардың катализаторына айналуы тиіс».
Осыған байланысты Н.Назарбаев мелмекеттік қызметкерлердің алдына бірқатар міндеттер қойды. «Таяудағы маңызды мақсаттардың бірі мемлекеттік қызметті ұсынудың халықаралық стандарттарына көшуге саяды»,- деді президент. Осыған сәйкес Елбасы үкіметке «2005-жылдың соңына дейін барлық деңгейлі мемлекеттік мекемелерді толықтай компьютермен жабдықтауды, оларды электронды поштаға қосып, электрондық үкімет жүйесін қолданысқа енгізуді, әкімшілік процедураларды компьютерлік жүйеге жаппай біріктіруді » тапсырды. Елбасы мемлекеттік қызметкерлерге «компьютерді меңгеруге және ағылшын тілін үйренуге » баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы «мемлекеттік қызметкерлерге жедел мониторинг жүргізіп, тиімді резерв құруға мүмкіндік беретін кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу» жөнінде тапсырма берді.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев республикалық кеңеске қатысушыларға арнаған өз сөзінде «түрлі сылтауларды алға тартып мемлекеттік мекемелердің санын арттыруға талпынуды доғарыңыздар»,- деп шегеледі.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр