Қ.Досмұхаметов ортаға салған мәліметке сәйкес, несиелік серіктестіктердің несиелік қоржыны құрылымында стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 73,7%-ті (бір айда 4,8%-ке артты), күмәнді кредиттер 24,5%-ті ( бір айда 11,6%-ке кеміген), үмітсізі — 1,8%-ті (10,0%-ке кеміді) құрады.
Ипотекалық компаниялардың жиынтық активтерінің мөлшері 17,2 млрд. теңге
(1 айда 6,6%-ке өсті), міндеттемелері 14,0 млрд. теңге (бір айда 7,6%-ке өсті), жеке капиталы — 3,2 млрд. теңге (бір айда 2,4%-ке өсті) болды.
Ипотекалық компаниялардың несиелік қоржыны құрылымында стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 99,4%-ті (бір айда 0,3%-ке өсті), күмәнді кредиттер 0,4%-ті ( бір айда 50,0%-ке төмендеді), үмітсізі — 0,2%-ті (бір айда 50,0%-ке өсті) құрады.
Сондай-ақ, 2004-жылғы наурыз айында банк заңында көрсетілгендей, 1 несиелік серіктестікке ұлттық валютамен операциялар жүргізуге лицензия берілді.
2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен 2 несиелік серіктестік ерікті таратылуда.
Бүгінде 69 ломбард, 62 несиелік серіктестік, 2 ипотекалық компания, сондай-ақ, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын 39 ұйым банк және өзге операциялар жүргізуге лицензия алған.