Халық банкі ипотекалық несиеге жылдық 7 проценттік өсім белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкі ипотекалық несиеге жылдық 7 проценттік өсім белгіледі

Халық банкі ипотекалық несиеге жылдық 7 проценттік өсім белгіледі

Халық банкі "Ипотека Lights" деп аталатын жаңа несиелік бағдарлама аясында жеңілдетілген тәртіппен аз өсімді несиелер бере бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Халық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 2597
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, бағдарлама бойынша қарыз алушының жылдық 7-11 проценттік өсіммен сатып алатын үйдің толық құнына тең мөлшерде несие алуға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кетер артықшылығы сол, бағдарлама бойынша қарыз алушының төлемдік қабілеті есептелмейді, сондай-ақ, банк несие мөлшеріне қандайбір шектеу қоймайды.

«Ипотека Lights» бағдарламасының шарты бойынша сатып алынатын үйдің өзі мен Халық банкіндегі ақшалай салым несие алуға кепілдік болмақ. Салым мөлшері қозғалыссыз мүлік құнының 15-50 проценті аралығында болуы тиіс. Несие алу мерзімі 15 жыл. Қажетті құжаттар топтамасы қарыз алушының жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу номерінен ғана тұрады. Несие алу жөніндегі өтініш 3 күнде қаралады. Несиені АҚШ долларымен немесе ЕВРО-мен алуға болады.
«Ипотека Lights» бағдарламасы аясындағы несиелер банктің барлық жеке қызмет орталықтары мен облыстық және аймақтық филиалдарда беріледі.
Қазақстан Халық банкінде ипотекалық несие беру бағдарламасы 2002-жылдан бері жүзеге асырылуда. Ол бойынша ең жоғары шегі 20 жыл мерзіммен бастапқы жарна негізінде несие беріледі. Банкте жаңадан жобаланған «Ипотека Lights» бағдарламасымен бір уақытта стандартты ипотекалық несие беру бағдарламасы да жүзеге асырыла береді.

Соңғы жаңалықтар