Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Сот Кәрім Мәсімовке қатысты ақтық үкім шығарды.

  • 25 Сәуiр 2023
  • 70
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады, — деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады.


Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді.

Кәрім Мәсімов бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.