Оқушыны ұрмақ түгілі, сабаққа кешігіп келген баланы классқа кіргізбей қою заңсыз - Тортуыл Шоқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыны ұрмақ түгілі, сабаққа кешігіп келген баланы классқа кіргізбей қою заңсыз - Тортуыл Шоқан

Оқушыны ұрмақ түгілі, сабаққа кешігіп келген баланы классқа кіргізбей қою заңсыз - Тортуыл Шоқан

Әлеуметтік желіде тараған видео халық арасында қызу талқылануда. 

  • 25 Сәуiр 2023
  • 612
Фото - Caravan.kz

Видеода оқушыны ұрған мұғалімді көруге болады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Желі қолданушысы мұғалім мен оқушы арасындағы болған кикілжіңге пікір білдірді. Тіпті, мұғалім оқушыны ұрмақ түгілі, кешігіп келген оқушыны кіргізбей қоюға құқығы жоқ екенін айтты. 

"Мына оқиғаның қай жерде орын алғанын анықтау қажет!!!

Қандай жағдай болмасын мұғалімнің оқушыны ұруға қақысы жоқ!

Тіпті, сабаққа кешігіп келген баланы классқа кіргізбей қойуы да заңсыз!

Оқушы тыңдамаса, сабағына қатысқысы келмесе, кінәні мұғалім өзінен іздесін!

Сайлау кезінде әнебір физруктың бақылаушыларды сабағанын көрдіңдер-ғой?

Уот, мынау да сол сияқты хам!

Кейбіреулер «баяғыда бізді де ұратын, одан өлген жоқпыз» деп отырғандарға айтарым: сол сабағаннан ақылды болып кеткен болсаңдар, дәл осындай пікір жазбас едіңдер!

Қазір заман басқа!


ІІМ мектептерге инспекторлар отырғызсын!

Сабақтан қашқан, тәртіп бұзған, әлімжеттілік жасайтындар мен солар айналыссын!

Мектеп, колледж, мұғалімдері урнаға пачкалап бюллетень лақтырып жүргенде, бала тәрбиесі жәйіна қалғанын бәріңіз де білуіңіз шарт, деп жазды ол. 

"Үлкенінде ағалық, Кішісінде інілік қасиет жоқ немелер екен", "Негізі, "мұғалімнің правосы жоқ" деп алып, бірақ өз баласының тәрбиесімен айналыспағаннан өткендегі сұмдықтар болып жатыр", "Бүгін мұғаліммен төбелессе, ертең өзіңмен төбелеседі", деп оқырмандар екі тарапты пікір боды.