«Ыстықкөл — қазақстандықтардың демалысын өткізуді ұнататын орындардың бірі. Біз бұл жердегі бізге деген ыстық ықыласы үшін Қырғызстанға дән ризамыз»,- деді Д.Ахметов. Үкімет басшысының айтуынша, қазір Ыстықкөлдегі төрт шипажайды Қазақстанның меншігіне беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. «Бұл шипажайлар тиісті көлемде қаржыландырылады»,- деді ол.
Сол үшін «жер пайдалану және меншікке қатысты мәселелер тез арада шешілуі тиіс». Егер осындай қиындықтар шешілсе, «Қазақстан инвестиция салуға дайын. Бізде мұндай мүмкіндік те толық»,- деді ҚР үкімет басшысы.