Кастинг жариялаған бәйбішеге ел түрлі сын айтуда, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Өзімен қолғабыс болатын, қолымды ұзартатын патшама тоқал іздеп отырмын. Тоқал болғанда да арық қыздар армандамай-ақ қойсын. Маған топ-томпақ, жаңа піскен бауырсақтай қыз керек. Бірақ, кездеспей тұрып алдын ала қоятын шартым бар. Өйткені мен бәйбішемін ғой. Біріншіден тоқал келгеннен кейін жоралғысының бәрін қазақша жасаймыз. Некесін оқытамыз. Келгеннен кейін 5 жыл фазендада өмір сүреді. Фазендада 80-90 бас байланып тұрған ірі қара бар, бір атар қой, бір үйір жылқы бар. Қысы-жазы істейтін саяжай бар", — деген ол.
Желі қолданушылары "Малшы құл керек демисің бе?", "Тоқал алса, сені жіберіп қоймасын фазендаға", "Әдейі ешкім келмейтінін біліп айтып тұр ғой", "Ұят ай" деген пікірлерін жазды.