“Ислам әлеміндегі 57 мемлекетті құрайтын ұлттар мен ұлыстардың бәрі жалқау, топас” - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ислам әлеміндегі 57 мемлекетті құрайтын ұлттар мен ұлыстардың бәрі жалқау, топас” - Ахметбек Нұрсила

“Ислам әлеміндегі 57 мемлекетті құрайтын ұлттар мен ұлыстардың бәрі жалқау, топас” - Ахметбек Нұрсила

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Ислам әлемі туралы сөз қозғады.

  • 26 Сәуiр 2023
  • 1433
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Дінтанушы бауырымыздың жанайқайы: "Ислам әлеміндегі 57 мемлекеттің сыртқа экспорттайтын технологиялық өнімі 2% да жетпейді, ол деген не деген сөз"

"Дінде мәселе жоқ, дін асыл, дін таза, дін оқы, бі, ғылым ізде дейді, барлық мәселе адамдардың өзінде " дейді көп бауырлар..

Олай болса мұсылман елдерінің соншама артта қалып қалғанының себебі неде?


1. Cол 57 мемлекетті құрайтын ұлттар мен ұлыстардың бәрі жалқау, топас болғаны

2. Ұлт пен ұлыстың бір бірінен айырмашылығы жоқ, дінге қатты көңіл бөлгендіктен ғылым-білім дамымай қалды.

Қайсы нұсқа дұрыс деп ойлайсыздар?

Біз сол 57 мемлекеттің ішіндеміз бе? Ғылымы мен білімі дамыған елдердің қатарына қосыла аламыз ба?
Ол үшін не істеуіміз керек?", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.