Сауда-саттық жасау жағдайының тазалық талаптарына мүлдем сай келмеуі санитарлық дәрігерлерді осындай шешім қабылдауға итермелеген. Сондай-ақ, саудагерлердің 40 процентінде санитарлық кітапшалары мен арнаулы жұмыс киімдері болмай шыққан. Сауда-саттық жаймалары тоңазытқыш жабдықтармен қамтамасыз етілмеген, сатылатын тауарлардың сапасы көп жағдайда шектеулі нормаға сай келмейді.
Тексеру қорытындысы бойынша «Базар» АҚ, «Көктем», «Жаңа», «Ералы», «Шыңғыс», «Алтын орда», «Отырыр» сынды 10 базарды жабуға бағытталған сот мәжілістерін бастау ұйғарылды.
Дәрігерлер сондай-ақ, Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан ет өндіру цехтарын да жабу туралы сотқа шағым түсірді. Мұнда күн сайын 100-ден астам мал тазалық талаптарына мүлдем сай келмейтін жағдайда сойылып, сатылады. Айыппұл төлеп құтылуды тиімді санайтын цех қожайындары жұмыс орындарында тазалық талаптанына бағыну туралы санитарлық дәрігерлердің тақауырына пысқырып та қарамаған.