2004-жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысындағы барлық мемлекеттік стационарларда емделу тегін болмақ - облыстық денсаулық сақтау басқармасы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысындағы барлық мемлекеттік стационарларда емделу тегін болмақ - облыстық денсаулық сақтау басқармасы

2004-жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысындағы барлық мемлекеттік стационарларда емделу тегін болмақ - облыстық денсаулық сақтау басқармасы

"2004-жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысындағы барлық мемлекеттік стационарларда науқастар тегін емделетін болады",- деп мәлімдеді Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Амангелді Дүйсекеев.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Бұны ресми мәлімдеме деп қабылдаңыздар»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасыынң бастығы журналистерге.

А.Дүйсекеевтің айтуынша, қазір мемлекеттік стационарларда бір науқасты емдеуге бөлінетін қаржы «бірнеше есе артты». Айталық, егер 2001-жылы бір науқасты емдеуге тәулігіне 50 теңге бөлінсе, 2004-жылы бұл мақсатқа бөлінетін қаржы 640 теңгеге жетті. «Бұл бізге науқастарды тегін емдеуге ғана емес, сонымен бірге кез-келген күрделі операцияны тегін жасауға мүмкіндік береді»,- деді А.Дүйсекеев. Бұған қоса дәрі-дәрмек пен азық-түлікке қосымша 22,5 млн. теңге бөлінген.
Денсаулық сақтау басқармасы бастығының айтуынша, сондай-ақ, шалғай аудандарда жедел хирургиялық көмек көрсету мәселесі де шешілу үстінде. Биыл облыстың 10 ауданында бұл проблема теле- және мобильді медицина көмегімен шешіледі. Бұл мақсатқа 250 млн. теңге бөлінеді, деді ол. А.Дүйсекеевтің айтуынша, «телемедицинаның арқасында шалғай аудандағы емдеуші дәрігер мәліметтер қорына қосылу арқылы әріптестерімен байланыс орнатып, консилиум шақырумен бірге «бақылау астында» операция жасай алады». «Көшпелі мобильді тележүйе көмегімен тіпті жазғы жайлауда да жоғары кәсіби дәрігерлік көмек көрсетуге болады»,- деді А.Дүйсекеев.
Қазір Алматы облысында 793 дәрігерлік ұйым жұмыс істейді. Соның ішінде бір облыстық аурухана, бір облыстық балалар ауруханасы, бір облыстық перинаталды орталық, бір облыстық хирургиялық орталық, 16 орталық аудандық аурухана, 28 ауылдық аурухана, 208 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 482 фельдшерлік-акушерлік бөлімше, 5 қалалық аурухана жұмыс істейді. Биыл облыстағы төсек қорын 110 төсекке арттыру көзделген.