Бокстан ӘЧ: басқа елдердің атынан шығатын 6 қазақ боксшысы кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан ӘЧ: басқа елдердің атынан шығатын 6 қазақ боксшысы кімдер?

Бокстан ӘЧ: басқа елдердің атынан шығатын 6 қазақ боксшысы кімдер?

Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында алты қазақстандық басқа елдің атынан шықпақшы.

  • 3 Мамыр 2023
  • 250
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Спорта журналисті Аслан Каженов желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын ұлттық құрамадағы 13 жігіт қорғайды. Бұдан бөлек, тағы 6 қандасымыз басқа елдердің атынан шаршы алаңға шықпақшы.

Атап айтқанда, Өзбекстан елінен Руслан Абдуллаев есімді қазақ бақ сынайды. 63 келіде өнер көрсететін боксшы бұрын Қазақстан атынан шыққысы келген. Бірақ әртүрлі себеппен мақсаты орындалмапты. Руслан қазір алғаншы саптағы фавориттердің бірі.

Бұдан бөлек, Қытай құрамасында
Тоқтарбек Таңатқан
мен Данабек Байғазы есімді қос бірдей қазақ бағын сынайды. Алғашқысы 2 мамырда жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал Түркіменстан құрамасында Дулат Мұқанов есімді этникалық қазақ бар. Моңғолия сапында Бекнұр Қали деген боксшыны да кездестіруге болады. Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақ бірінші айналымда жекпе-жекке шықпады. Ал Бахрейн сапында 51 келіде Азат Махметов жұдырықтасады. Азат Қазақстанда дүниеге келген. Кейін азаматтығын ауыстырды.

 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера