Актриса бұл туралы инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Назира Бақаеваға маған уақыт бөліп келгені үшін және ашықтығы мен шынайылығына алғыс айтамын. Екеуіміз сыйластықтан айнымай, жайлы әңгіме-дүкен құрдық. Өз сұрақтарымызға жауап алып, жеңілдеп қалдық, — дейді ол.
Және Ақан мен Назираның ажырасуына өзінің қатысы жоқ екенін, оардың өз жеке себептері болғанын жазған. Өзінің де бұрынғы күйеуімен "біреу" үшін ажыраспағанын жеткізіпті.
Ажырасуымның өз себебі бар. Мен тоқал немесе екінші әйел емеспін. Назира екеуіміздің бір-бірімізге деген ренішіміз жоқ. Тіпті керісінше, өзара сыйластығымыз арта түсті. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды үзбей, дос боламыз, — деп жазды Альмира Тұрсын.
Айта өтейік, Ақан Сатаев әйелімен 2020 жылы ажырасып кеткен болатын. Осыдан кейін көпшілік "Бұған режиссердың Альмирамен қарым-қатынасы себеп" деп пайымдаған еді.