Танымал ресейлік журналист: «Солтүстік Қазақстан – ұлы даланың жүрегі, оны Ресейдікі дегендерің қай сасқандарың?» - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал ресейлік журналист: «Солтүстік Қазақстан – ұлы даланың жүрегі, оны Ресейдікі дегендерің қай сасқандарың?»

Танымал ресейлік журналист: «Солтүстік Қазақстан – ұлы даланың жүрегі, оны Ресейдікі дегендерің қай сасқандарың?»

Танымал ресейлік журналист Максим Шевченко Солтүстік Қазақстан Ресейдікі деп шулағандарды орнына қойды.

  • 5 Мамыр 2023
  • 191
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша Қазақстанның солтүстігі мен ұлы даланы мыңдаған жылдар бойы түрік тайпалары мекендеп келген, деп хабарлайды Caravan.kz.

Журналист бұл ойымен өзінің желідегі парақшасында, оқырмандардың сұрағын жауап беру барысында бөлісті. 

«Солтүстік Қазақстан Ресейдің жері деп кім айтты? Онда Шешенстан да Ресейдікі шығар. Бұл қай сасқандарың, не сандырақ бұл? Иә, кезінде колонизация болды, бірақ бұл байтақ жерде неше ғасырдан бері орта жүз мекендеп келеді. Мұнда көп жылдар бойы көшпелілер өмір сүрген. Солтүстік Қазақстан – ол осы ұлы даланың жүрегі, онда жүз жылдар бойы түркі тайпалары мекен еткен, олар тіпті ғұндардың тікелей ұрпақтары. Мұны Гумилевтің өзі дәлелдеп кеткен. Ол кезде Ресей тұрмақ, славяндардың өзі болмаған, бірақ ғұндар болған. Онда сақтардан бастап бүкіл көшпелі тайпалар өмір сүрген. Орыстар мұнда тек 18 ғасырда келген», — деді ол.