Л.-Г.Браунның кездесуден кейін журналистерге хабарлауынша, республика президентімен кездесу барысында «Қазақстанда ықпалды сауда-өнеркәсіптік палата» құру мәселесі талқыланған. Л.-Г.Браун Н.Назарбаевқа Германияның «айрықша маңызды функциялар атқаратын» сауда-өнеркәсіптік палаталары туралы әңгімелеп берді.
Оның айтуынша, сауда-өнеркәсіптік палаталар құрудың Германиялық үлгісі оған ел кәсіпкерлері мен кәсіпорындарының жаппай міндетті түрде мүшелікке өтуін қарастырады. Сондай-ақ, Германияның сауда-өнеркәсіптік палаталары экономиканың түрлі салаларындағы «сан алуан субьектілер арасындағы дау-дамайды шешетін» сарапшыларды тағайындау міндетін де қоса атқарады.
Кездесу барысында Қазақстан президенті мен Германия сауда-өнеркәсіптік палаталары бірлестігінің президенті екі елдегі шағын және орта бизнесті қолдау және кәсіптік-техникалық білім беру мәселелерін де сарапқа салды. Л.-Г.Браунның айтуынша, «шағын бизнестің дамуы заңнамалық негізге және оның жұмыс істеу жағдайына тікелей байланысты». Оның пікірінше, «бұл тұрғыда Қазақстанда шағын бизнеске аса қолайлы жағдай жасалған».
Л.-Г.Браун бүгінгі кездесу «екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға айрықша ықпал жасайды» дегенге сенім білдірді.