Өткен жылдың желтоқсан айында 10216 әскери бөлімшеге жауынгерлік борышын өтеуге келген бір жаңа әскер өз өмірін өзі қиюға әрекет жасаған болатын. Ажал аузынан құтқарылып қалған әскер осындағы Талғат Жұмаділдаев есімді тіс қақты жауынгердің өзін ұдайы қорлап, ақша бопсалап келгенін хабарлады. Жаңа фотоаппарат сатып әпер деген соңғы бұйрық оны өлімге бел байлауға мәжбүрлесе керек.
Сөйтіп, қамауға алынған Т.Жұмаділдаев тергеуден кейін әскери тәртіпті бұзғаны үшін және зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдана отырып адамды бопсалағаны үшін үш жылға әскери тәртіптік бөлімшеге жіберуге жаза жүктеді.