Ол бұл туралы "Halyq Uni" бағдарламасында берген сұхабатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Жедел жәрдем станциясында жұмыс істеймін, 2019 жылдан бері жеті әйелді босандырғам. Аллаға шүкір бәрі аман-есен босанды. Ең біріншісі қазір төрт жаста. Бұл қалыпты жағдай. Ол — біздің міндетіміз, жұмысымыз, мақтанып айтатын нәрсе емес. Біз акушерлік шұғыл көмекті оқыдық. Бірақ көбі сасып қалады. Менде соңғысы 22 сәуірде болды, ең қиыны да сол болды. ", — дейді ол.