Әруақтар үйге келіп, есіктен сығалай ма деген сұрақтың нақты жауабы айтылды, деп жазды Сaravan.kz медиа порталы.
"Қайтқан адамдар бір-бірімен сөйлесе ма?", деген сауалған уағызшы дәлелмен жауап берді.
— Ибн Каср деген тәпсірші ғалым бар. Сол кісі кітабында айтқан. Бір кісі қайтыс болса, оны зиратқа апарып жерлеген кезде, сол зираттағы адамдар ол марқұм әруақты қоршап алып, әрқайсысы бала-шағасы, отбасы жайлы сұрайды. Жаңадан, бүгінгі барған, жерленген әруақ айтады екен. Ия, бала-шағаңды көрдім, ер жетіп, жұмыс жасап жатыр деген секілді жағдайды айтып береді екен. Кейін олар, сол өзінің араласып жүрген достары жайлы да сұрайды. Жаңадан барған әруақ "ой, ол сендер сұрап жатқан пәленше бәраз уақыт бұрын қайтыс болды ғой. Ол сенің араларыңда жоқ па? деп сұрағанда, "ааа, ол ар жаққа кеткен екен ғой", деп қоя салады екен. Оның ар жаққа кетті дегені тозаққа берген әруақтар мен жұмаққа кететін әруақтар бір-бірімен араласпайды екен", дейді. Демек, Ибн Касрдың тәпсіріне қарасақ, әруақтар бір-бірімен сөйлеседі деген. Ал, бейсенбі күні әруақ келеді дегенге жауап. Яғние, әруақтар үйіңе келеді дегенді қою керек. Бұл келемйід дегеннің белгісі. Егер келетін болса, әр бейсенбі күні келіп тұрса, отбасы жайлы біліп тұрған болар еді, делінген.