Головкин бокстан ұлттық құраманың жеңісіне пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин бокстан ұлттық құраманың жеңісіне пікір білдірді

Головкин бокстан ұлттық құраманың жеңісіне пікір білдірді

Қазақстандық белгілі боксшы Геннадий Головкин бокстан ұлттық құраманы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады.

  • 15 Мамыр 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

"Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша жетістігімен құттықтаймын!", — делінген Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасында деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ол бапкерлер штабының еңбегі зор екенін атап өтті.

"Өте жақсы жұмыс істедіңіздер. Олимпиада ойындарына дайындық жүргізуде сәттілік тілеймін", — деп түйіндеді әлем чемпионы.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль алды. Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлдені иеленді.