"Үшінші рет кешірмеймін" Мөлдір Мұқанова ақын Айшолпанға деген өкпе ренішін жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үшінші рет кешірмеймін" Мөлдір Мұқанова  ақын Айшолпанға деген өкпе ренішін жайып салды

"Үшінші рет кешірмеймін" Мөлдір Мұқанова ақын Айшолпанға деген өкпе ренішін жайып салды

Продюсер Мөлдір Мұқанова айтыскер ақын Айшолпан Тілеутаймен неге жұмыс істей алмағанын ашып айтты.

  • 16 Мамыр 2023
  • 218
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы "Парадокс" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Айшолпан өзі келді. Ренішін айтты, халыққа ренжи береді екен. Сараға, Айнұр Тұрсынбаеваға ренжіп жатты. Осы кісілер менің өзімнің осы ақындық жолдағы апаларым бірінші қолдаушы болатын жандар еді ғой. Айналып келіп, сіз маған жетекшілік етіп, қолдап жатсыз деген әңгімелер айтты. Контрактіге отырдық,  Концерттерге шығып, идеямызды бөлісіп, жұмыс жасап жүрдік" , — дейді ол. 

Алайда, оның айтуынша Айшолпанның жоқ болып кетуі жұмысқа кедергі келтірген. 


"Бір күні Айшолпан жоқ боп кетті. Таппай қалдық 3-4 күн. Одан кейін қайтадан келді жылап еңіреп, қайтадан жұмыс істейік, бұл қателігім енді қайталанбайды деді. Кеішірдім, 1 ай өтпей жоқ боп кету мінезі қайта басталды" — дейді продюсер.