Кеше ғана бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай оқудан шығып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеше ғана бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай  оқудан шығып қалған

Кеше ғана бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай оқудан шығып қалған

Ташкентте өткен әлем чемпионатында бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай оқудан шығып қалған. 

  • 16 Мамыр 2023
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Ғалым Қожабеков Facebook желісіне жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Ташкент-Астана бағытындағы ұшаққа мініп, орныма жайғасқаным сол еді, жаныма келіп Санжар Тәшкенбай жайғасты. Содан Астанаға жеткенше біраз әңгімелестік. Мен бір сөзімде қайда оқисың деп қалдым. Ол болса "ешқайда оқымаймын, 2021 жылы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, бірінші курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады, одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным үшін жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым. Ақылы оқуға ауысайын десем қаражат жетіспейді, үйде менен басқа бес бала бар, әкем қарпайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды. Бұл кездері мен жастар арасындағы Азия және ілем чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жүргенмін. Тынымсыз жаттығуларымның арқасында екі жарыста да чемпион болдым. Ал 2022 жылы ересектер арасындағы чемпионатта чемпион болдым. Бірақ оқуымнан шығып қалдым, соған өкінемін, аға" деп көңілінде жүрген бір кірбіңін білдірді. 

Енді не істейсің десем, "Көкшетаудағы педагогика институтына баратын шығармын, спорт өмір бойы серік болмайды ғой…" деп отыр кеше ғана әлемді мойындатқан Санжар чемпион", — делінген жазбада. 


Желі қолданушылары чемпионды қайта оқуға қабылдау керек деп жатыр.

"Мүмкін енді ректоры ойланып, Қазақ елінің намысын қорғаған чемпионымызды оқуға алар", "Чемпионды сол оқуға қайта қабылдау керек", "Осындай азаматтардың еңбегін бағалау керек", "Әлі де кеш емес, универ басшылары айналысар болса" деп жазды олар.