Бұл туралы журналист Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Игіліктің ерте-кеші жоқ, Санжар інім…
Мен де кезінде оқудан шығып қалғанмын… Құндақбаев арыз жазып, ректор есмұхан обаев бұйрық шығарып, оқудан вщть дегізген… әрине, кінә өзімнен де бар… есіме түссе, қандай аңқау әрі ақымақ болғам деп жылағым да, күлкім де келеді…(ол бір ұзақ хикая)…
Екі жылдан кейін қайта жалғастырып, екі баламды жетектеп жүріп, оқуымды аяқтап, дипломымды алдым, Құдайға шүкір…
Санжардың оқуын қайта "воостановить" етуге министрлік көмектесер деген сенімдемін", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.