Бұл туралы ол Instagram паракшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы
"Декреттің алғашқы айлары, әсіресе, бірінші мәрте ана болған әрбір әйелге жеңіл болмайтыны анық. Қол-аяғың енді жеңілдеп бауырыңа алған жаңа өмір иесінің алғашқы күндерінен бастау алатын шақты мен де басымнан өткіздім. Енді жұмысқа шықпайтындай, артық салмақ осылай қалып қоятындай, көңіл-күйің әрдайым құбылып, көз жасыңа ерік беріп, ойың сан-саққа шашырап, не істеп жүргеніңді өзің түсінбей қаласың кейбір сәттерде",- деп жазды ол.
Сондай-ақ, жас ана мұндай ситуацияларға басқа қырынан қарау керек, — дейді.
"Ана болу әрбір әйел адам үшін — бұл да өзіндік самореализация. Ол кезең әрбір әйел адамның басынан өтеді, мен де ана болудың алғашқы кезңін кезеңін басымнан өткерудемін — осы қырынан қарап, жеңіл түрде, тіпті процесстен рақат алып өткізуіміз өзімізге байланысты ғой, шынаны келгенде", — дейді ол.