«Қазіргі жағдаймен ең сұранысқа ие жиіліктер жалпы тұтыным үшін азаматтық операторлар мен үкіметке берілген»,- деді Б.Қанешев. «Оларды тарату жұмысын біз үкімет құрамындағы уәкілетті орган болып табылатын қорғаныс министрлігімен келісуге міндеттіміз»,- деді ол. Агенттік төрағасының айтуынша, 1 айлық мерзімде келісу керек деген заңнама талабына «мемлекеттік мекемелер бағына бермейді», соның салдарынан, келісу процедурасы 2-3 айға созылып кетеді.
«Осыған байланысты біз өзімізге өтініш білдірген жақтардың құқығын бұзып қана қоймай, бюджетке түсетін түсімдерді кемітіп отырмыз»,- деді Б.Қанешев. Оның айтуынша, радиожиіліктерді пайдалануға рұқсат беру мерзімін кешеуілдету «барлық тиісті төлемдер мерзімін кейіндетуге себепкер болу салдарынан ең оптимистік болжамға бағынғанның өзінде бюджет жыл сайын 60 млн. теңгеден қағылып отыр».