«Радиожиіліктер спектрін басқаруға қатысты халықаралық тәжірибе дәлелдеп бергеніндей, радиожиіліктерді таратуға қатысты бірқатар функцияларды коммерциялық құрылымдар жүзеге асыра алады»,- деді Б.Қанешев. Оның айтуынша, «радиожиіліктерді пайдалануға рұқсат берілген азаматтық тұтынушылар тізімін жасау, ақпараттық дерекқор құру» функциялары осындай топқа жатады. Агенттік төрағасының пікірінше, Қазақстанда аталмыш функцияларды коммерциялық құрылымдарға беру «жиіліктерді басқару жүйесіне басқаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді». «Біз осы бағыттағы нақты жұмыстарды жоспарладық, оларды таяу уақыттарда тиісті құжаттармен бекітуді көздеп отырмыз»,- деді Б.Қанешев.