2005-жылдың соңында Ұлттық қордағы қаржы көлемі 5 млрд. долларға жетеді - экономика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың соңында Ұлттық қордағы қаржы көлемі 5 млрд. долларға жетеді - экономика министрлігі

2005-жылдың соңында Ұлттық қордағы қаржы көлемі 5 млрд. долларға жетеді - экономика министрлігі

2005-жылдың соңында Ұлттық қордағы қаржы көлемі 5 млрд. долларға жетеді. Бүгін, 18-мамырда Астанада өткен үкімет отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов осындай болжам айтты.

  • 18 Мамыр 2004
  • 374
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, Ұлттық қорға құйылатын қаржы көзін 2005-2007-жылдарда да «бұрынғыдай әсіре салық түсімдері құрайды. Ол әлемдік нарықтағы мұнай бағасы мен бір барреліне 19 долларды құрайтын тұрақты есептік бағаның өзара айырмашылығынан қалыптасады». Сөйтіп, 2005-жылы Ұлттық қорға 18,3 млрд. теңге, 2006-жылы 18,8 млрд. теңге, 2007-жылы 19,2 млрд. теңге құйылады»,- деді Қ.Келімбетов.

Сондай-ақ, Ұлттық қорға «республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферт түрінде жоспарлы 10 проценттік түсім де» жыл сайын түсіп отырады (шикізат саласы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің 10 проценті). Мұндай трансферттік түсімдердің болжамды мөлшері 2005-жылы 9,3 млрд. теңге, 2006-жылы 10,6 млрд. теңге, 2007-жылы 11,8 млрд. теңге болмақ.
Нәтижесінде, 2005-жылдың соңында Ұлттық қор қаржысы 5 млрд. доллардан асса, 2007-жылы 6 млрд. доллардан асып жығылады,- деді министр.