Екі жақты келіссөздер мен келісімдер негізінде мемлекеттер «лаңкестіктің барлық түрімен, соның ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан лаңкестік ұйым деп танылған ұйымдармен, атап айтсақ, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіретін «Шығыс Түркістан Ислам қозғалысымен де» тиімді күресті одан әрі жалғастырады»,- делінген бірлескен мәлімдемеде.
Сондай-ақ, екі ел бұған дейін қол қойылған келісімдер мен келіссөздерге сәйкес «қорғаныс мекемелері арасындағы байланыстарды, өзара барыс-келісті одан әрі жалғастырып, әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыта түседі».