"Әркімнің таңдауын сыйлау керекпіз": Айгүл Орынбек Түркістан қаласында суретке түскен ЛГБТ өкілдері жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әркімнің таңдауын сыйлау керекпіз": Айгүл Орынбек Түркістан қаласында суретке түскен ЛГБТ өкілдері жайлы

"Әркімнің таңдауын сыйлау керекпіз": Айгүл Орынбек Түркістан қаласында суретке түскен ЛГБТ өкілдері жайлы

Заңгер  Айгүл Орынбек Түркістан қаласында жалауларымен суретке түскен ЛГБТ өкілдеріне қылмыстық іс қозғау керек дейді. 

  • 17 Мамыр 2023
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram  желісіне жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсізідк Комитеті! Түркістан облысының полиция департаменті!

Қылмыс қай жерде жасалды, оқиға орын алған жерде қылмыстық іс ашылу керек. Екі әйел бір-бірімен қарым-қатынаста шығар, адамның жеке өміріне ешкімнің қол сұғуға құқықысы жоқ, оны жақсы білем. 

Бірақ екеуара қатынасты насихаттау үшін бүкіл ұлттың қасиетті мекенін таңдап, халықтың діни таным-сезімдерімен ойнау, бұл енді — үлкен қылмыс. 

"Әркімнің таңдауын сыйлау керекпіз",  деп өз мәдениетімізді, өз ұлтымыздың рухани тектілік-қастерін ұмытпауымыз керек!

Мына екі азамат шектен шықты!


Еуропаңыз заңын, өмір сүру қағидасын, "тұрпайы" ұғымын біздің елге тықпалап қажеті жоқ. 

Екеу аралық қарым-қатынасты үндемей-ақ жасап жүре беруге болады, ал оны көпшілік алдына шығып, біздің менталитетіміз бен тегімізге қайшы келетіні ең киелі мекенде насихаттап отыруы, бұл —  қасақана әдейі жасалған іс әрекет деп ойлаймын.

Әр елдің заңын, діни көзқарасын, руханиятын сыйлау керек! Құрметтесін! Аяқ тартсын! 

Егер ұнамайма, Еуропаға барып тұрсын!

Сол себепті, мына екі азаматқа қылмыстық іс ашылсын", — деп жазды ол.