Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламысына сілтеме жасап хабарлайды.
Отбасын алдаған төрт баланың әкесі Нұржан Манапбаев Түркия еліне кеттім деп, Венгрия еліне басқа әйелмен аттанған.
Алматы облысы, Шамалған ауылының тұрғыны күйеуінің не өлі, не тірі екенін білмеген Айсұлу Сайлаубекқызы күйеуіне іздеу салды.
— Күйеуім Нұржан өте сауатты азамат. Ағылшын, түрік, араб тілдерін өте жақсы меңгерген. Емін-еркін сөйледі. Сонымен қоса, бухгалтерлікті де оқыған. Бірақ, оның арманы мешітте 7 жыл азаншы болу еді.
Біреуден бір нәрсе сұрағанда ұнатпайды. Бәрін өз еңбегімен жасағанды жақсы көреді, дейді Айсұлу.
Нұржан Түркия еліне қыркүйек айында кеткен. Қазан айында елге қалтқысыз келіп әйелімен ақша сұраған.
— Нұржан бастапқы кезде компьютерлік жұмыстар, яғни, аударма жұмыстарымен айналысқан. Көп ұзамай, қара жұмысқа жегілген. Ол үнемі тап- таза болып жүретін. Маған видеозванокпен хабарласқанда аузының бәріне ұшық шыққан. Қолдары мазоль болып тұрды. Қасында өзге елдің азаматы жарықты өшіріп жғып тұрды. Нұржан оған ештеңе айта алмай, дәлізге шығып сөйлесті. Бірақ, ол жер қараңғы болып, ештеңе көпінбей қалды. Оның қара жүмысқа жегілгені анық екеніне көзім жетті.
Нұржан менен 270 мың теңге сұраған. Мен оны 170 мың деп көргенмін. Сөйтіп, артық салдым деп ойлап 200 мың теңге салдым. Ал, Нұржан болса аэропортта 5 сағат ақша күтіп отырған. Билетке ақшасы жетпеген ол сол жақта қалуға мәжбүр болған.
Нұржан Манапбаев жайлы тағы ақпараттың беті ашылды. Ол Астана екі ай басқа әйелмен тұрып, шетелге сол әйелмен кетті делінген.
— Мен Нұржанға сенемін. Мына ақпарат жалған. Нұржаннан ақпарат жайлы сұрадым. Екі ай депрессияға түсіп, төсекте жатып қалдым. Бірақ, Нұржан маған "бәрі жалған, Айсұлу маған сенші, мен сені алдамаймын деп, төс қаласында жүретін құранмен ант етті, дейді ағыл-тегіл жылаған келіншек.
Бағдарлама келген Нұржанның анасы үйіне араб елінен, түрік елінен азаматтардың қонақ болып келіп жүргенін айтты.
Заңгер Мейірман Шекеев жоғалған азаматқа қауіп төніп тұрғанын айтты.
— Ресми органдардың берген ақпараты бойынша, 9-шы қыркүйекте Астана қаласынан Абу Дабиге ұшқан. Кешкі сағат 21:27-де кеткен анықталды. Ол жақта екі күн болып, 11-ші қыркүйекте Венгрияға ұшып кеткен. Венгрияның консулымен сөйлестім. Ол жерде жұмыс бабымен келдім, деп көрсетілген. Ол елмен визалық жағдай қажет болмағандықтан, тіпті, басқа елге өтіп кетуі де мүмкін, деді ол.