2004-жылдың қыркүйек айында Астанада Қазақстан мен Ресейлік өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың қыркүйек айында Астанада Қазақстан мен Ресейлік өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің кездесуі өтеді

2004-жылдың қыркүйек айында Астанада Қазақстан мен Ресейлік өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің кездесуі өтеді

2004-жылдың қыркүйек айында Астанада Қазақстан мен Ресейлік өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің кездесуі өтеді. Оған Ресейдің өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Одағының төрағасы Аркадий Вольский қатысады. А.Вольский мен Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаевтың кездесуінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінен хабарлады.

  • 20 Мамыр 2004
  • 369
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты дамыту, екі ел кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері арасындағы ынтымақтастықты пәрмендендірудің нақты жолдары туралы талқылады. Онда екі мемлекеттің экономикалық ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. 2003-жылы екі ел арасындағы тауар айналымының 30 процентке артып, жалпы көлемі 5,2 млрд. долларға жетуі оған нақты дәлел болмақ.

Сондай-ақ, Қ.Көшербаев сұхаттасына Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауының мән-мазмұны туралы, стратегиялық даму бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы әңгімелеп берді.
Ресейдің өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Одағы 1991-жылдың желтоқсан айында құрылған. Оған түрлі экономикалық ұйымдардың 328 мың өкілі біріккен. Одаққа біріккен кәсіпорындар Ресей Федерациясының Жалпы Ішкі Өнімінің 60 проценттен астамын өндіреді. Одақ бизнес пен билік арасында конструктивтік қарым-қатынасты қамтамасыз етуді, сондай-ақ, Ресейдің іскерлік қоғамдастығының мүддесін қорғауды мұрат тұтады.