Ялта қаласында Қазақстан және Ресей президенттерінің кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ялта қаласында Қазақстан және Ресей президенттерінің кездесуі өтті

Ялта қаласында Қазақстан және Ресей президенттерінің кездесуі өтті

23-мамырда Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің саммитіне қатысу үшін Ялтаға барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Мамыр 2004
  • 462
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Ресей президенті атап көрсеткеніндей, екі мемлекет басшысы кең көлемді мәселелер топтамасын талқылаған, бірақ, олардың ішіндегі ең маңыздысы — Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру мәселесі болмақ. Осы орайда В.Путин екі жақты қарым-қатынас экономика және саясат саласындағы барлық бағыттар бойынша табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Екі ел арасындағы мемлекеттік шекара сызығын делимитациялау мәселесіне тоқталған Ресей президенті техникалық сипаттағы кейбір қиындықтарға қарамастан, бұл бағыттағы жұмыстар қалыпты жағдайда жалғасып жатыр және соның нәтижесінде екі елге де қолайлы уағдаластыққа қол жеткізілуі тиіс деді.
Сондай-ақ, кездесуде Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастық мәселелері, Біртұтас Экономикалық Кеңістік аясындағы өзара ықпалдастық, 17-маусымға белгіленген Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер саммитіне дайындық жұмыстары, Каспий проблемалары, Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бұған қоса бас қосуда екі жақты қарым-қатынасқа қатысты мәселелер, атап айтсақ, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы және алдағы саяси байланыстардың жұмыс кестесі жайында талқыланды.
Сол күні Ялтада Ресей, Беларусь, Украина және Қазақстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті.
В.Путин, А.Лукашенко, Л.Кучма мен Н.Назарбаев Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру жөніндегі келісімді жүзеге асыруға қатысы бар кейбір мәселелерді сарапқа салды.