Рудныйда балалардың жаппай улану себептеріне жүргізілген тексеру қорытындысы 24-мамырда жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рудныйда балалардың жаппай улану себептеріне жүргізілген тексеру қорытындысы 24-мамырда жарияланады

Рудныйда балалардың жаппай улану себептеріне жүргізілген тексеру қорытындысы 24-мамырда жарияланады

Рудныйда балалардың жаппай улану себептеріне жүргізілген тексеру қорытындысы арнаулы комиссияның отырысында 24-мамыр күні кешке жарияланады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Рудный қалалық СЭС-тің бас дәрігері Ораз Сасықов хабарлады.

  • 24 Мамыр 2004
  • 597
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қостанай облысы Рудный қаласында түрлі мектептер мен балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан 150-дей бала жұқпалы іш ауру белгілерімен ауруханаға түскен. Олардың 120-сы №53 балабақша бүлдіршіндері.

Рудныйдағы арнаулы комиссияны басқарушы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бас дәрігері Василий Пасичниктің айтуына қарағанда, «жаппай улану туралы тек балабақшаға қатысты ғана айтуға болады».
«Барлық мектептер мен балабақшалардың дастархан мәзірін қарап шығып, жаппай ауруханаға түсуге себепкер болған ортақ тағамдарды таба алмадық»,- деді В.Пасичник. Оның пікірінше, №53 балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндермен бір уақытта жұқпалы аурулар ауруханасына түскен балалар жұқпалы іш ауруларының маусымдық табиғи белең алуына байланысты тіркелетін жалпы статистикалық көрсеткіштер аясына қамтылады.
Тексеру жұмыстары №53 балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндердің жаппай улану оқиғасына қатысты жүргізілуде. Эпидемиолог дәрігерлер балалардың су немесе сүт өнімдерінен улану мүмкіндігін жоққа шығарып отыр. «Жұқпалы іш ауруының етек алуына 18-мамырда балаларға түскі ас ретінде берген майшабақ ботқасы себеп болғанға ұқсайды»,- дейді В.Пасичник. Алайда бұл — алдын-ала жорамал ғана дегенді ол атап өтті.
Қазіргі жағдаймен балабақшаның барлық аспаздары жұмыстан шеттетіліп, комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап беруде. Балабақшаның 6 жауапты қызметкеріне айыппұл салынды. Қылмыстық іс қозғалды.Балабақша карантинге жабылды.