Алматы облысының екі тұрғыны, соның ішінде бір мектеп директоры адамдарды ұрлауға қатысы бар күдікті деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының екі тұрғыны, соның ішінде бір мектеп директоры адамдарды ұрлауға қатысы бар күдікті деп танылды

Алматы облысының екі тұрғыны, соның ішінде бір мектеп директоры адамдарды ұрлауға қатысы бар күдікті деп танылды

Алматы облысының екі тұрғыны, соның ішінде бір мектеп директоры адамдарды ұрлауға қатысы бар күдікті деп танылды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 24 Мамыр 2004
  • 458
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 48 жастағы бір еркек полицияға арыз беріп, өзінің екі жыл бойы облыстың Кербұлақ ауданы аумағындағы мал жайылымдарының бірінде заңсыз бұғауда отырғанын хабарлаған. Арыз иесінің айтуынша, отар қожайыны оны бір мектеп директорымен ымыраласу нәтижесінде ұрлап әкеткен. Сәйтіп әлгі адам екі жыл дегенде қамаудан әрең қашып құтылған.

Шағым ізімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары әлгі адамның ұрланғаны мен екі жыл бойы заңсыз басыбайлы болу дерегін әшкереледі.
Отар қожайыны уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «қанау мақсатымен адам ұрлау» жөніндегі 125-бабы, 3-тармағының «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал мектеп директорынан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Сондай-ақ, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.
Ал жәбірленушінің айтуынша, ол қашқан кезде ауылда зорлықпен бұғауда отырған тағы да екі адам қалған. Полиция осы екі адамды іздестіруге кірісті.