Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі Мәскеу облысының губернаторымен келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі Мәскеу облысының губернаторымен келіссөздер жүргізді

Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі Мәскеу облысының губернаторымен келіссөздер жүргізді

21-мамырда Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаев пен Мәскеу облысының губернаторы Борис Громовтың кездесуі барысында келесі жылы тойланатын Жеңістің 60 жылдық мерейтойына орай "28 панфиловшылардың ерлігіне бағышталған" ескерткіш кешен орнатуға дайындық жұмыстарын тәптіштеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Мамыр 2004
  • 413
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған ескерткіштерді жаңалау жұмыстарын қаржыландыру туралы шешімінен хабардар болған Б.Громов өз тарапынан үлкен ризашылық білдірді. Атап айтсақ, алдағы жөндеу жұмыстары барысында Нелидово ауылындағы панфиловшы-батырларға арналған мұражайды жаңалау, жауынгерлер ескерткіші мен ескерткіш кешен аумағын жайластыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, кездесу барысында 2004-жылдың маусым айында Алматы облысында Мәскеу облысының күндерін өткізуге дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.
Б.Громовтың айтуынша, Қазақстан мен Мәскеу облысы арасындағы достық байланыстардың тамыры тереңде жатыр. Қарым-қатынас етене жақын әрі өзара тиімді экономикалық байланыстармен нығайтылған. Бұған дәлел ретінде облыс аумағында Қазақстан-Ресей бірлескен 16 кәсіпорынның тіркелгендігін атауға болады.