Қазақстаның электр желілерін басқару жөніндегі KEGOK компаниясы Электр қуатын өндіру өнеркәсібі Одағына мүшелікке өтті- EURELECTRIC - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаның электр желілерін басқару жөніндегі KEGOK компаниясы Электр қуатын өндіру өнеркәсібі Одағына мүшелікке өтті- EURELECTRIC

Қазақстаның электр желілерін басқару жөніндегі KEGOK компаниясы Электр қуатын өндіру өнеркәсібі Одағына мүшелікке өтті- EURELECTRIC

Қазақстаның электр желілерін басқару жөніндегі KEGOK компаниясы Электр қуатын өндіру өнеркәсібі Одағы - EURELECTRIC-ке (Еуропалық Одақ аясындағы Электр қуатын өндіру өнеркәсібі қауымдастығы) халықаралық аффилирлік қатысушы ретінде мүшелікке өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 24-мамырда KEGOK ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Мамыр 2004
  • 1420
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетіленіндей, бұл — компанияның нарық ахуалында саланы реформалауға белсене атсалысуы, ұлттық электр желілерін жаңалауы, жоғарғы басқару деңгейі, Қазақстанның электр қуатын өндіру саласындағы жетекшілік ролі сынды жетістіктерін халықаралық деңгейде бағалау болмақ.

EURELECTRIC қауымдастығы ұйымға мүше компаниялардың мүддесін қорғап, шешім қабылдауға ықпал жасаумен бірге алға қойған мақсаттарын орындауға түрткі болады.
EURELECTRIC қауымдастығына Еуропа елдерінің ұлттық Электр қуатын өндіруші компанияларының қауымдастықтары, халықаралық өнеркәсіпші әріптестер, электр жабдықтар өндіру және оны сатушы кәсіпорындар, банктер мен басқа да қаржылық құрылымдар мүшелікке бірігеді. EURELECTRIC әлемнің әр елінің электр энергетикасы ұйымдарымен, атап айтсақ, АҚШ-тың Эдисон атындағы электротехникалық институты (EEI), Жапонияның Электр энергетикасы компанияларының Федерациясы (FEPS), Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA), Бүкіләлемдік энергетикалық кеңеспен (WEC) өзара ынтымақтастық орнатқан.
EURELECTRIC-ке мүше ретінде KEGOK ААҚ жетекші кәсіпорындардың мақсат-мұраты, сала өкілдерінің мемлекеттік реттеуге қатысты көзқарасы, жаңа технологиялар, электр қуатын өндіру саласының Еуропадағы даму жағдайына қатысты бастамалар мен өзкті проблемалар туралы, сондай-ақ, салаға қатысты статистикалық мәліметтер мен болжамдар туралы ақпараттарды тура алатын болады.
Қазіргі жағдаймен Австралия, Канада, Жапония, Мексика және Оңтүстік Африка республикасының электр қуатын өндіруші компаниялары EURELECTRIC-тің халықаралық аффилирлік қатысушысы болып табылады.
Ал ТМД елдерінен KEGOK ААҚ-мен бірге Ресейдің РАО «ЕЭС России» компаниясы мен Беларусьтің «БелЭнергосы» EURELECTRIC-тің еуропалық аффилирлік мүшесі болып қабылданған.
Компаниядағылардың пайымдауынша, осынау халықаралық беделді ұйымға мүшелікке өту — Қазақстанның электр энергетикасы саласын одан әрі дамытуға тың мүмкіндіктер береді.