«Бәйтерек» ғарыш кешенінен ұшырылатын ғарыштық аппараттарды «Ангара» зымыран тасығышы алып ұшады. Бұл зымыран тасығыш «Протон» зымыран тасығышында қолданылатын отыннан гөрі улылығы төмен отынды пайдаланады,- деді Қ.Нағманов. «Протон» зымыран тасығышының көмегімен жер серіктерін ұшыру ауқымы «сатылы түрде қысқартылып, болашақта біржола доғарылады»,- деді министр.
Оның айтуынша, кешенді құру «республикаға Ресеймен ынтымақтастық негізінде халықаралық ғарыш рыногына шығуға мүмкіндік береді».
Қ.Нағмановтың айтуынша, қазір «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру жөнінде Қазақстан мен Ресей арасында келісім орнату жұмыстары аяқталып келеді. «ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Юрий Лавриненко бүгін осы мақсатпен Мәскеуде жүр. Келісімге қол қою жұмыстарын жалғастыру үшін 26-мамырда Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов та Мәскеуге барады»,- деді Қ.Нағманов.