2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қарайтын парламент палаталарының бірлескен отырысы 1-маусымға белгіленді - депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қарайтын парламент палаталарының бірлескен отырысы 1-маусымға белгіленді - депутат

2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қарайтын парламент палаталарының бірлескен отырысы 1-маусымға белгіленді - депутат

2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қарайтын парламент палаталарының бірлескен отырысы 1-маусымға белгіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшысы Виктор Веснин хабарлады.

  • 25 Мамыр 2004
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республика экономикасының 2003-жылғы даму қорытындысы мен қазіргі ахуалына талдау жасаған үкімет Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауда Елбасы алға қойған мақсаттарды ескере отырып 2004-жылғы макроэкономикалық көрсеткіштерге түзету енгізіп, экономиканың даму қарқыны мен кірістерді өсірді.

Бюджетке енгізілген түзетулер жобасына сәйкес, Жалпы Ішкі Өнім мөлшері бұрынғы жоспарланғандай 4877 млрд. теңгенің орнына 5083 млрд. теңге көлемінде межеленді. Инфляцияның биылғы жылдық орташа деңгейіне жасалған болжам да өзгеріп 5,4 процент болды.
Ал бұған дейін бір доллар үшін 153,5 теңге шамасында жорамалданған орташа теңге бағамы 138,3 теңгені құрайды. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы жоспардағыдай бір барреліне 22 доллардың орнына 27,1 долларға бағаланады деп күтілуде.
Аталмыш макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет түсімінің болжамдық көрсеткіштерін арттыруға әсер ететін басқа да факторларды ескеру нәтижесінде өсім 58,4 млрд. теңгеге жетпек. Бюджетке түсетін жалпы түсім мөлшері 934,3 млрд. теңге (Жалпы Ішкі Өнімнің 18,4 проценті) болмақ. Шығындар көлемі де осы сомаға артып, 1027 млрд. теңгеге жетеді (Жалпы Ішкі Өнімнің 20,2 проценті). Жоспарлы бюджет тапшылығы бұрынғы бекітілген 92,6 млрд. теңге мөлшерінде сақталады.
Регламентке сәйкес, аталмыш заң жобасына қатысты барлық шешімдер парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.