«Ипотекалық несие берудің жаңа сегментін құру — басты мақсат. Үкімет салыстырмалы түрде арзан тұрғын үйге қалың қауымның қолын жеткізу идеясын ұстанымға айналдырып отыр»,- деп мәлімдеді меморандумға қол қою рәсімінде ҚР қаржы министрі А.Дунаев.
Меморандум жеті бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге сәйкес, тараптар мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық несие беруде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге күш салмақ ниетте : өсімақы ставкасы жылдық 9-10 процент, бастапқы жарна көлемі жылдық 10 процент, ипотекалық несие беру мерзімі — 20 жыл. Бұған қоса тараптар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ-ның арнаулы бағдарламасы бойынша банктер маржасының мөлшерін 2-2,2 процентке дейін төмендетуге талпыныс жасамақшы.
«Банктрдің ставканы төмендетуге келісім беруінің өзі жаңа тұрғын үй саясаты үшін оң қадамдардың бірі»,- деді А.Дунаев.
Меморандумға басқа да қаржылық ұйымдар мен институттардың бірігуіне мүмкіндік бар.