«Біз Қазақстанмен екі арадағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздеп отырмыз. Бұған дәлел ретінде бүгін Астанада құрметті консулдық өкілдіктің іске кірісуі мен Қазақстанның Осло қаласында елшілік ашу ниетін атауға болады»,- деді Норвегия үкімет басшысы журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.
2003-жылы Қазақстан мен Норвегия арасындағы сауда-саттық ауқымы 18,4 млн. долларды құрады (2002-жылғымен салыстырғанда 75 процент артық). Оның 3,3 млн. долларын экспорт, 15,1 млн. долларын импорт иемденді. Қазақстан Норвегияға астық пен өнеркәсіптік таруарлар шығарса, ол жақтан құрал-жабдық пен технология, химия өнеркәсібінің өнімдерін импорттайды. Қазақстанда «Intsok», «Статойл» және «Неар АСА» сынды 10 шақты Норвегиялық фирма жұмыс істейді.