Кездесуде Қазақстанның мұнайгаз және жеке меншік секторды, шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларын дамытуға Норвегия тарапынан іс жүзінде ықпал ету туралы талқыланды.
Қазақстан мен Норвегия арасында екі елдің нақты мүддесіне негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының «басымдық берілген бағыттарының бірі», әрі ол «еліміздің ұзақ мерзімді саяси және экономикалық даму мақсаттарына, Қазақстанның аймақтағы жетекші держава ретіндегі ролін нығайтуға септігін тигізеді».
Үкімет басшылары сондай-ақ, озық технологияларды зерттеу, Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібінде еңбек ететін қызметкерлерін оқыту және оларды қайта дайындау бағытындағы бағдарламаларды дамыту, жаңа мұнай кеніштерін игеру және барлау жобалары бойынша өзара ынтымақтастық туралы талқылады.
Келіссөздер соңында тараптар Қазақстан мен Норвегия арасындағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық және осы саладағы өзара диалог туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Құжатқа сәйкес, екі мемлекет «мұнайгаз саласындағы ақпарат және тәжірибемен бөлісу, екі жақты диалог пен өзара ынтымақтастықты одан әрі өрістету» туралы мәмілеге келді.